20 сәуір күні Тұран колледжінде «2019 жыл – жастар жылы» атты қалалық дебат өтті. Бұл турнирге Алматы қаласының колледждерінен 24 фракция қатысты. Біздің колледжімізден құқық пәнінің оқытушысы Досжанова Алма Томасқызының жетекшілігімен 3 топ қатысты: 1- «Фемида» тобының құрамында 1 курс оқушылары Саржигитова Альбина мен Берақын Назым; 2 – «Справедливость» тобының құрамында 2 курс оқушылары Тельманова Шахсанам мен Садыкова Аружан, 3- «Тики-така» тобының құрамында 2курс оқушылары Орынбай Мұсырман мен Қаржау Ермұхан қатысты. Әр кезең өте тартысты өтті. Барлық фракция берілген тақырыпты жүйелі оймен, нақты ақпараттармен дәлелдеп аша білді. Жалпы қорытынды бойынша білімімен шыңдалған, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйін айтатын Алматы автомобиль-жол колледжінің оқушылары 3 — орынды иеленді








