15.03.2019 күні колледжімізде «Алматы -адалдық алаңы» атты жобаға байланысты «Саналы ұрпақ» еріктілер клубы » Біздің таңдауымыз-жемқорлықсыз болашақ» атты пресс конференция өткізді .»Саналы ұрпақ» еріктілер клубының жетекшісі — 2 курс оқушысы Рамазанова Гүлім. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жемқорлықсыз болашаққа жету жолында жастардың қосатын үлесі мен алатын рөлі туралы көптеген тың пікірлер айтылып, ағайынды жас ақындар Қаржау Лашын мен Қаржау Ермұxан өз ойларын жалынды жыр жолдарымен жеткізді. «Саналы ұрпақ» белсенділері өз ойларын елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс» деген сөзімен қорытындылады.






