«IITU Robocon 2019» чемпионаты

15 ақпан күні Алматы қаласында  робототехника бойынша «IITU Robocon 2019» чемпионаты ашылды. Жарыста Қазақстанның әр аймағынан ЖОО оқушыларынан 15 топ қатысты. Бұл чемпионат биылғы жастар жылы тақырыбына орай «Цифрлық Қазақстан»,  «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен өткізілді.

«IITU Robocon 2019» чемпионаты — Arduino платформасының базасында өткізілетін робототехника командалары арасындағы жарыс. Осы жарысты тамашалауға колледжіміздің арнайы пәндер оқытушысы Амалов Ерлан Мейзенбаевичтің басшылығымен 1-2 курс оқушылары барды. Бұл чемпионат  техникалық саладағы жастарға  робот құрастыру және механика, одан кейін электроникадан бастап роботтың интеллект бағдарламасын жазуға мүмкіндік береді. Оқушыларымыз өздеріне қажетті көптеген қызықты ақпараттарды алып, қызығушылықтарын танытты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *