Жастар жылының ашылу салтанаты
23.01.2019 жылы Астанада Ел басшысының қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанаты болды. Колледждің 1-4 курс оқушылары жастар форумын «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінен тамашалады. Форумнан соң колледждің жастар ісі жөніндегі комитетінің президенті Баелов Бекзат бастаған оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Олардың пікірлерін тыңдай отырып, болашақ жалынды жастардың қолында екеніне тағы бір көз жеткіздік!





