Тәуелсіздік – ел тірегі
14.12.18 күні колледжімізде жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты мерекелік концерт өтті. Концертті колледждің атқарушы директоры Турсумбекова Х.С. құттықтау сөзімен бастады. Осы мерекемен тұспа-тұс келіп отырған колледжіміздің аға оқытушысы Бекқұл Тұрысбекұлының 80 жылдық мерейтойын атап өтіп, оқытушыларымыз ол кісінің өмір жолын баяндап, көптеген еңбектерін оқушыларға көрсетті. Сондай-ақ ол кісіге деген ақ тілектер айтылып, сый-сияпат көрсетілді.
Тәуелсіздіктің баға жетпес қазына екенін жүрегімен сезіне білген оқушыларымыз өз өнерлерімен концертті мәнді де қызықты өткізуге үлкен үлес қосты.
Тәуелсіз еліміздің көк аспанымен астасқан байғарымыз биіктеп, желбірей берсін!

