Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 5.10.2018 жылғы кезекті жолдауын талдау

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 5.10.2018 жылғы кезекті жолдауын талдау

            2018 жылдың 12 қазанында Алматы автомобиль-жол колледжінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  кезекті Жолдауын талқылауға колледж оқытушылары мен оқушылары бас қосты. Елбасы Жолдауын іске асыру мен тарату  мақсатындағы басқосуды колледждің атқарушы директоры Турсумбекова Хорлан Сәкенқызы ашып, 2019 жылы қабылданатын «Педагог мәртебесі туралы» заңы мен елбасымыздың Жолдауында айтылған білім берудің озық үлгісін қалыптастыруға үлес қосу секілді ауқымды міндеттерге тоқталып өтті. Жолдауды талдауға колледждің  оқушылары да белсенді атсалысып, Жолдауды іске асыруға қосатын өз үлестері туралы пікірлерімен бөлісті. Әсіресе, Чипотаев Шыңғыс, Сұраубай Айбек, Берахын Назым, Саржигитова Альбина, Рамазанова Гүлім сынды жалынды жастардың Елбасымыздың сарабдал саясатын қолдай отырып Қазақстанымыздың дамуы мен гүлденуіне қол жеткізуге арналған айқын мақсаттары мен  ой-пікірлері көпшіліктің көңілінен шықты. Олар өз сөздерінде болашақ жастардың қолында екенін, Жолдауды іске асыруға жақсы оқып, білімді де білікті маман болу ретінде өз үлестерін қосатындарын айтып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *