Ашық сабақ туралы есеп

17.03.2022 жылы «Мемлекеттік тілде іс қазағаздарын жүргізу» пәнінен ОП-19-23-2К тобымен «Визит карточкалары» тақырыбында Әлия Асылбайқызының ашық сабағы өтті.

Сабақтың мақсаты: білім алушыларды іскерлік қатынасқа үйрету.

Ашық сабақ барысында студенттер визит карточкасының тарихы, мақсаты, түрлерімен танысты. Сонымен қатар визит карточкасын алу және беру әдебі (этикасы) туралы жаңа ақпараттар алды.     Сабақ практика түрінде өткізілді. Студенттерге түрлі-түсті конверттер таратылып берілді. Ал, конверттердің ішінде: «сабаққа қатысты қосымша ақпарат тап», «өзіңнің визит карточкаңды жаса» деген әр түрлі тапсырмалар болды. Ашық сабақ барысында білім алушылар өздеріне берілген тапсырмаларды жаңа сабақпен ұштастыра білді. Кейбір студенттер интернет көздерінен қосымша ақпараттар жинаса, кейбірі өздерінің болашақтағы визит карточкаларын жасады. Ал кейбір студенттер өздері білетін тың ақпараттармен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *