Тәуелсіздігіміздің тірегі — Ата Заңымыздың төл мейрамы құтты болсын!


Осыдан жиырма бес жыл бұрын, 30- тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң — мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 25 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер — демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі — Ата Заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.

Ата Заң – бізді өткенмен де, болашақпен де байланыстырып тұрған алтын арқау іспеттес. Оның тұтас болмысынан мемлекетіміздің мерейі мен халқымыздың қалауы менмұндалайды.
Еліміздің Ата Заңы мемлекетіміздің бүгінгі құрылымын шынайы бейнеленген, ұлттық мақсатты айқындап берген темірқазық. Келіп жеткен мереке құтты болсын, отандастар! Ата Заңымыздың ғұмыры ұзақ, тұғыры берік болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *