#Қашықтықтан оқимыз #Қашықтықта оқытамыз #Бір біргеміз

Алматы автомобиль-жол колледжінің оқытушылары бүгінгі күн талабына сай оқушыларды үй жағдайында қашықтықтан оқытуды жан-жақты дамыта отырып, қолға алуда. Колледждің атқарушы директоры Турсумбекова Хорлан Сакенқызының басқаруымен колледж оқытушылары арасында онлайн семинарлар (вебинарлар) өткізіліп, тәжірибелі оқытушылар білім беретін пәндері бойынша оқу тапсырмаларын құрастыруда қосымша сандық ресурстарды қолданудың және оқушылардан кері байланыс алудың тиімді жолдарын ұсынады. Семинар (вебинар) барысында сұрақтар алаңына келіп түскен сауалдар талқыланып, жауап беріледі.

Қазіргі уақытта оқытушыларға әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеліп отыр. Олар курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен іс жүргізу ісін орындау шарт.

Колледж оқытушарымен бірге оқушылары да қазіргі кездегі қашықтықтан оқыту үрдісін толтықтай меңгеріп, белсенділік көрсетіп жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *