4 маусым — Мемлекеттік Рәміздер күні!

Автомобиль — жол колледжінің оқытушылары мен оқушылары! Баршаңызды 4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы,  Мемлекеттік Әнұраны Тәуелсіз еліміздің — Мемлекеттік рәміздері.  Елбасы Н.Назарбаев  «Мемлекеттік рәміздер — халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер» — деп рәміздердің ел өміріндегі маңызын сипаттаған болатын.   Міне, ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз алдына мемлекет болып, тұғыры биік Туымыз бен, ел тарихын әлемге танытар Елтаңбамызбен және кез-келгеннің патриоттық рухын көтеретін Мемлекеттік Әнұранымызбен айбынды ел бола білдік.

Біздің санамызда «Бір тудың астында бірігу» ұғымы текке қалыптасқан жоқ. Мемлекеттік мерекелер мен спорттық жеңістер  секілді Отанымыздың маңызда сәттерінде рәміздер еш ұмыт қалған емес. Ресми халықаралық шараларда Әнұранымыз шырқалып, көк туымыз көкке көтерілгенде әр қазақстандықтың жүрегін ерекше мақтаныш сезімі кернейді. Біз оларды өскелең ұрпаққа насихаттай отырып, ашықтық, бейбіт,  сүйгіштік, еркіндік пен келісім негізінде құрылған мемлекеттік саясатты жүзеге асырамыз. Сондықтан да мемлекеттік рәміздеріміз — тәуелсіздігіміздің айғағы деп білеміз. «Туы биік елдің — тұғыры биік» деген дана халқымыз. Азат елдің символы саналатын рәміздерімізді әрқашанда құрметтеп, қастерлей білу — Отан алдындағы ұрпақтардың борышы. Тәуелсіздігіміздің жетістіктерінің арқасында көк туымыз әлемнің беделді елдерінің туларының  қатарынан орын алды.

Құрметті жерлестер, тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған Мемлекеттік Рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, Туымыздың мәртебесі  биік болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *