2020 жылдың 21 қазанында Алматы автомобиль-жол колледжі мен Қазақ автомобиль-жол институтының ерікті жастары бірігіп, барлық санитарлық нормаларды сақтап Алатау ауданында қайырымдылық акциясын жүргізді. Кезекті акцияда жастарымыз ауданымызда тұратын жалғыз басты, жағдайы төмен қарттарымызға қолдан келгенше жәрдем берді. Ол кісілерді дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен, тұрмысқа қажетті заттермен қамтасыз етті.Сондай-ақ үй-шаруашлығына қол ұштарын тигізіп, ауласын тазалап, қарттармыздың ақ баталарын алып қайтты. «Қарты бар ел — қазыналы ел»