Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарын аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез- құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс. Осы орайда, 21.02.2019 күні Алатау аудандық ішкі істер басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі қызметкерері аға лейтенант А.Б. Бапанов пен аға лейтенант К.Б. Мейирмановтар «Темекі тартудың, нашақорлықтың және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбынба дәріс оқып, түсіндіру шараларын жүргізді. Әкімшілік жаза мен қылмыстық жаза түрлері туралы толық мәліметтер берді. Колледж оқушылары өзіне қажетті сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды.


