Ұстаз — ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта тәрбиелеуде және еліміздің оқу-ағарту ісіне сіңірген еңбегі үшін колледжіміздің құрметті ұстаздары Акимжанова Арай Шоганбековна, Иманкулова Надира Серікқызы, Нурбаева Алия Адильхановна, Машурова Гүлназ Байджумаевна, Кенжебаева Назым Абдыганиевна 11 наурыз 2019 жылы Қоғамдық марапаттар жөіндегі Республикалық кеңестің шешімі бойынша «Білім беру саласының үздігі » құрметті атағымен, арнайы төсбелгісімен мараппатталды. Білім көшін алға жылжытып келе жатқан осындай қадірлі ұстаздарымызға кәсіби біліктілік пен шығармашылық табыс тілейміз.


