«Наурыз думан» мерекелік бағдарламасы

Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып келген, 1 ай бойы тойланатын   Ұлыстың ұлы күнін колледжіміз 19.04.2019 күні атап өтті. Еліміздің бірінші президенті Н.Ә.Назарбаев: «Рухани жаңғыру бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» — деп, елдің ұлттық рухани тамыры мәселесіне ой жүгіртеді. Осы мақсатты іске асыруда біздің жастарымыз патриоттік сезіммен үлес қосуда. Оның дәлелі, «Наурыз – думан» атты мерекелік  бағдарламада оқушыларымыз бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары мен киімдері, ұлттық өнерлерін жарыса ортаға салды. САД-18-22 К мен УиА-17-21 Р топтары «қазақ ұлты», ТО-18-22К мен ДМ-17-21К топтары «орыс ұлты», ОП-18-22К мен  САД-17-21К «түрік ұлты», ОП-18-22Р мен ТО-17-21 Р топтары «шешен ұлты», ТО-18-22 Р мен ОП-17-21 Р топтары «ұйғыр ұлты», ОП-18-21 К мен ОП-17-20К топтары «корей ұлты», САД-18-22 Р мен, САД-17-21Р топтары «кавказ ұлты» болып бірігіп, өз өнерлерін көрсетті. «Ең үздік салт-дәстүр»  номинациясымен САД-18-22 К тобы,  «Ең үздік ұлттық киім» номинациясымен ОП-18-22 К тобы,  «Ең үздік ұлттық тағам» номинациясымен САД-18-22 Р тобы марапатталды.  Бұл дегеніміз — елімізде Наурыз мейрамын көк туымыздың астында достығы мен бірлігі  жарасқан барлық  ұлт өкілдері  атап өтетінін көрсетеді.

Наурыз – ежелден келе жатқан көктем мен жаңарудың, осы жарқын бейбітшілік пен адам және табиғат арасындағы үйлесімділіктің құндылығын насихаттайды. Наурыз – бұл ренжіскен адамдардың бір-бірімен татуласуына, достасуына жол ашады. Барша ұлттар мен ұлыстар арасындағы ауызбіршілікке үндейді. Мейрам барысында ізгі тілектер айтылып, колледж шаңырағы достық пен бірліктің астасуымен биіктей түсті.

  

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *