2019 жылдың 14 наурызы күні «Денсаулық» спорт кешенінде «Наурыз» мейрамына орай мини футболдан жарыс ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын қолдау, уақытты ұтымды пайдалану және ұйымшылдық пен ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған жарыста колледжден 1-3 курс аралығында 15 топ бақ сынасты.Бұл күні спорт кешеніндегі теңбіл допқа құмар ойыншылар арасында өте тартысты ойын болды. Сонымен қатар, олардың бойындағы спортқа деген құмарлық, жеңіске деген талпыныс және футболшылар жүзіндегі достық көңіл-күй көңіл қуантты. Олар жарысты ұйымдастырушы дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Достанбаев С. С., Коваленко А.Г., колледж белсендісі, спорт секторы Берікұлы Мейрам мен жастар ісі жөніндегі комитет президенті Баелов Бекзатқа алғыстарын білдірді. Жарыс қорытындысы бойынша,жүлделі 1 — орынды ОП-18-22К тобы, 2- орынды САД-18-22К тобы, 3 — орынды ОП-18-22Р тобы иеленді.





