2019 жылдың 6 наурызы күні колледжіміздің ардақты ұстазы Тлеулинова Нагира Нұрсипатқызы мерейлі 60 жасқа толды. Мерейтойға арналған құттықтау кешін Нагира Нұрсипатқызы жетекшілік ететін ОП-17-20к тобының өнерлі ұл-қыздары мен жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері ұйымдастырды. Құттықтауға колледж ұжымы мен оқушылары келіп, аяулы ұстаздың құрметіне ұйымдастырылған концертке куә болып, жүрекжарды лебіздері мен тілектерін айтты. Олар өз сөздерінде мерейтой иесінің өмірлік еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басының кіршіксіздігі отбасы үшін ғана емес, қатар жүрген әріптестері, тілектес дос-жарандары үшін де зор мақтаныш, абырой, білім алушы жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігіне тоқталды. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде жайқалған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің арқа сүйер тірегі, шәкірттерінің ақылшысы болып отырған Нагира Нұрсипатқызына қажымас қайрат, зор денсаулық және шығармашылық мол табыс тілейміз!



