Әрбір адамның өмірінде өшпес орын алатын сәттер, қызықты күндер, болады. Сол сәттер кейде есіңе түскенде, жүрегіңді тәтті бір сағыныш сезімі кернейтіні бар. Ал, студенттік шақтың әрбір күні әдемі, әрбір сәті қызықты, шуаққа толы ғой. Менің студенттік кездерім… Ойлай қалсам, бәрі де дөңгеленіп көз алдыма келе қалады. 2015 жылы Алматы автомобиль-жол колледжіне имене басып келдім. Болашақтың қамалын соғар білікті маман боламын деп келген 25 оқушы бір топтамыз. Танымайтын орта, бейтаныс жер. Жүрегімізде сәл қобалжу бар. Алайда, кураторымыз Күнтуған Роза апаймен танысқаннан кейін бәрі де өзгеріп сала берді. Сол күннен бастап, Роза апайымыз бізге өз анамыздай қарап, 4 жыл бойы бізді қолдап, білмейтінізді үйреті. Колледжде ұйымдастырылатын сайыстардан бізді қалдырмай, үнемі жанымыздан табылып, түрлі қолөнер бұйымдарын бірге жасаушы едік. Кураторымыз бізді өзімнің тобым деп жеңіл жіберіп қойған емес, әрқашанда сабағымызды қадағалап, тексеріп жүретін. Тіпті, өзінің сабағында өткен бүкіл лекцияны басынан аяғына дейін сұрайтын. «Өз алған біліміңді өз күшіңмен дәлелде» деп үйреткен. Осындай өшпес мотивацияны, білім бергені үшін өте үлкен алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, үнемі колледждің барлық студенттерінің жағдайын ойлап жүретін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Надира Серікқызы менің ең сүйікті ұстаздарымның бірі болды. Ол кісі неше түрлі іс-шаралар, конкурстар, спорттық жарыстарды ұйымдастырып беретін. Біздің колледжде өткен әр күніміз қызықты өтетін. Сабақ таңертең басталады ма , ал біз кешке дейін жүре беретінбіз, концерттер, жарыстарға қатысып. әсіресе соңғы жылы. ААЖК колледжі бізге тек білім беріп қана қойған жоқ, біліммен қоса өнерді де бірге ала жүруді үйретті.
Бізде 2- курстан бастап мамандық бойынша сабақтар басталғанда , лекцияны ауызша тусіндіріп, сонымен қатар сабақ соңында тәжірибе жүзінде үйретіп, көрсететін. Менің ойымша, осылай сабақ алған тиімді. Әр бала өз мамандығы жайында лекция, ақпарат қана алмай, тәжірибені де өтіп көру керек деп ойлаймын. Біздің колледжде өз студенттері үшін барлық жағдай жасалған. Колледж күндізгі және сырттай оқу нысандары бойынша мамандар даярлайды, оқыту мемлекеттік және орыс тілінде жүргізіледі.
Жалпы айтқанда, Алматы жол-колледжі керемет оқу орындарының бірі деп мен сенімді айта аламын. Менің осы сол жерде білім алған 4 жылымды кімге де болсын мақтана айта аламын. Уақытым текке кеткен жоқ. Алматы автомобиль- жол-колледжі ұстаздарына үлкен-үлкен алғысымды білдіремін. Өзімнің тобым ОП-15-19к бір үйдің балаларындай жүрдік, оқыдық, көп нәрсені бірге көрдік, білмеген нәрсені бір-бірімізге түрткілеп айтып, үйретіп, ескертіп , бармаған жерге жиналып барып жүрдік. Осы күнге дейін жалғасып келеді достығымыз. Қазір өз тобымды кураторымды сағынумен еске аламын, тіпті жылап та аламын, себебі ол күндерді қайтару мүмкін емес. Ал мен неге осылай мақтана жазып отырмын?
Себебі, біздің Алматы жол-колледжі осындай керемет сөздерге тұрарлықтай оқу орны. 4 жыл бойы осы керемет оқу орнында оқығаныма ең бірінші ата- анама және оқытқан ұстаздарыма алғысым шексіз. Колледж білім сапасы жағынан өте жоғары деңгейде, себебі біздің колледж ұстаздары білім жағына келгенде өте жауапты қарайды өз студенттеріне.
Ал, біздің ОП-15-19к тобының биік дәрежеге жеткен студенттері және де енді жұмыс бабы бойынша жоғарыға көтеріліп, танылып жатқан студенттеріміз болса , оның барлығы біздің кураторымыз Күнтуған Роза апайымыздың арқасы!
Биыл Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының құрылуына 80 жыл толды. Осындай мерейлі мерекелерімен барлық Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын құттықтаймын. Білім мен тәрбиені қатар алып шығар шәкірттеріңіз көп болсын!
А, менің жүрегімнің колледжі-АЛМАТЫ АВТОМОБИЛЬ-ЖОЛ КОЛЛЕДЖІНІҢ өсіп, өркендеп, көркейе беруіне тілектеспін!
Болатбекқызы Аяулым
