22.02.19 күні колледжімізде Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерінің ұйымдастыруымен «Жастар жылына» орай «Шексіз махаббат» тақырыбында көңілді тапқырлар ойыны өтті. Бұл сайысқа колледжіміздің әзілдері мен тапқырлықтары жарасқан 1-2 курс оқушылары қатысты. Жалпы махаббаттың түрі көп. Ол туған жерге, Отанға деген махаббат, ата-анаға деген махаббат, сонымен қатар қыз бен жігіттің махаббаты. Ал, біздің қатысушыларымыз қандай махаббатты таңдағандарын ойын барысында көрсете білді.Ойын өте тартысты өтті. Колледжіміздің қабырғасында өз Отанына деген құрметі мен сүйіспеншілігі жоғары оқушыларымыздың білім алып жатқаны көңіл қуантты. Сайыста «ААДК арландары» КВН командасының жетекшісі Намазбаева А.Д. төрағалық етті. Сонымен қатар, 2018 жылы Астана қаласында өткен «Жайдарман» ойындарының жоғарғы лигасында өнер көрсеткен, Тараз және Талдықорған қалаларында өткен аймақтық ойындарда жүлделі 2 орын иеленген «Жайдарлы жігіттер» командасының капитаны, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясының студенті Жұмабай Алтынбек әділқазы алқасының құрамында болды. Бас жүлдені САД-18-22к тобының «Смешинка» командасы жеңіп алды. «Амаловтың балалары» және «Жас star» командаларының ойындары да көпшіліктің көңілдерінен шықты. Сайыста ерекше өнерімен көзге түскен ДМ-17-2 к тобының 2 курс оқушысы Берікұлы Мейрам «Үздік ойыншы» деп танылды. Қатысушыларымыздың алдағы уақыттарда үлкен сахналарда өнер көрсетулеріне тілектеспіз!
Жастар ісі жөніндегі комитет президенті Баелов Бекзат














