ЗАМАНАУИ ҚАЗАҚСТАН. ЕЛБАСЫНЫҢ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ-ТАНЫМДЫҚ САБАҚ

2019 жылы 29 қарашада Алматы автомобиль-жол колледжінде тарих және құқық пәндерінің оқытушысы Досжанова А.Т. және «Саналы ұрпақ» ұйымы мүшелерінің ұйымдастырылуымен 1-2 курс оқушыларына арналған «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы» тақырыбында ашық-танымдық сабақ өтілді.

Ашық сабақтың мақсаты: Жас ұрпақты тұңғыш президенттің еңбектері  және өмір жолымен таныстыру. Өз елінің тарихы мен мәдениетін білу арқылы саналы азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті, кітап көрмесі, слайдтар, шаңырақ, тулар, суреттер, буклеттер.

Оқушылар аталған ашық сабақта Елбасының «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді саясаты туралы, «Рухани жаңғыру» қоғамдық санасын жаңғырту бағдарламасы туралы толық мәліметтер алып, өздері Елбасы жетістіктері жайында ой-пікірлерімен бөлісіп, тәуелсіз Қазақстанның жастары екеніне мақтаныштарын жеткізді.Бір-біріне сұрақтар қойып және оған жауап бере отырып, әрбір дұрыс жауапқа шаңырақтың макетіне лента тағу арқылы өздерінің біртұтас ынтымағы жарасқан мемлекетінің шаңырағын биікке көтерер жастар екендіктерін көрсетті.

Ашық сабақтың соңында Елбасыға арналған өлең жолдарын оқыды

.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *