2019 жылдың 21 ақпаны күні Алматы автомобиль-жол колледжінде «Жастар денсаулығын сақтау орталығының» қызметкері Молдажарова Несібелі Ержанқызының қолдауымен 1-2 курс оқушыларына арнап «Маскүнемдік-өмір тозағы», «Есірткісіз болашақ», «Темекі мен насыбайдың зияны» тақырыптарында дәріс оқылды.
Жаңа өмір табалдырығын кеше ғана аттаған болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Дәріс барысында ұлы Абай атамыздың «Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасы берік ұсталынып, қазіргі жастарымыздың жаман әдеттерден яғни темекі, насыбай, ішімдік сияқты нәрселерден аулақ болулары үшін олардың зиянды жақтарын толық қанды ашып түсіндірді . Белсенді оқушыларымыз да өз ойларымен бөлісіп кеткенді жөн көрді.
Ашық аспанымызға қара бұлт төндірген заман кеселдерінен арылу, арылту – көкірегі ояу, көзі ашық әрбір азаматтың міндеті.Сол себепті біз келешек ұрпағымыздың денсаулығына үлкен мән беруіміз керек. Ынтымақ, бірлігі жарасқан еліміздің болашағы – қазіргі өсіп келе жатқан жастардың қолында. Жастарымыздың дені сау болса өмілері сәнді де, мәнді болса, тәуелсіз еліміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай көтеруі сөзсіз.






