Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні!

«Құрметті отандастар! Қадірменді әріптестер! Бүгін 10 тамыз əлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлт руханиятының темірқазығы – Абай Құнанбайұлының туған күні. Халқымыз осы қуанышты күнді үлкен құрметпен қарсы алғалы тұр. Осылайша Хакім Абайға, ұлт мәдениетіне құрмет көрсетуді жалғастыра береміз

. Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмайтын темірқазық іспетті»,- деп алдағы бағыт-бағдарымызды көрсетіп берген болатын. Ендеше біз осы сөзді санаға сіңіріп, қашанда үлгі етіп отыруымыз керек. Ал Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты концептуалды мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады»,-деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді. Расында ұлы ақын өз шығармаларында насихаттаған еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлық, ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – бүгінгі ұрпақтарының алдында тұрған міндеттің бірі.

«Қалың елім, қазағым» деп  жырлаған Ұлы ақынымыздың 175 жылдығы құтты болсын! Тәуелсіз  көк аспанымыздың астында ақынымыздың еңбектерін бүгінгі Біз бен келер ұрпақ   құрметпен насихаттай берейік!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *