Аққудың қанатына жазылған жыр

27.03.2019 жылы колледжде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 88 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушылары Аянбекова Н.И.  мен Тохтахунова Р.М. ұйымдастыруымен «Аққудың қанатына жазылған жыр» атты жыр мүшайрасы өтті. Мүшайраға жүректерін жауқазын жыр  тербеген 15 оқушы қатысты. Мүшайра қонағы,   «Аманат» фильмінде басты  рөлдердің бірін сомдаған Нұртаев Азат Райымбекұлы әділқазылар алқасының құрамында төрағалық етті.  Мүшайраның «Хантәңірінің мұзбалағы» кезеңінде жас дарындар Мұқағали Мақатаевтың өмір жолын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айтып шықты. «Жырлайды жүрек»  кезеңінде ақынның өлең жолдары мен поэмаларын жатқа оқыды. «Сыр сандық» кезеңінде «Ғасыр ақынының» өмір жолы, отбасы  туралы сұрақтар қойылып, тың деректерге толы жауаптар айтылды. Шара барысында топтан оза шауып, дараланып көрінген талаптылар аз болмады. Олар жыр додасында өздерінің Мұқағали мұрасын көп білетіндіктерін көрсетті. Сонымен қатар, Республикалық байқауларда «Көркем сөз» номинациясы бойынша екі дүркін бас жүлдені иеленген, әділқасы алқасының мүшесі болған Қаржау Ермұхан өзінің төл туындысын тарту етті. Сонымен жас ақындар сайысы өз мәресіне жетті. Бас жүлдені САД-18-22К тобының 1 курс оқушысы жас дарын Совет Иманғали иеленді.

Ең бастысы, бұл сайыс қара өлеңнің қадірін тереңдей ұғынып, қасиетін байыптай алатындай жас буынның желкілдеп өсіп келе жатқандығын аңғартқандай әсерде қалдырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *